Жаңалықтар

«Суфизм – қазақтың қанында ағып жатқан білім»: Танымал ақын исламға бет бұрғанын айтты

Фото: malim.kz

Ақын, жазушы Ақберен Елгезек ішімдік ішуді қойып, дінге бет бұрғанын айтты. Оның сөзінше, ол ислам дінін тереңдеп зерттей бастаған, сопылық исламды қабылдаған, деп хабарлайды qandastar.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ақын Dulat Tastekey YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді.

«Суфизм бұл — ислам. Көбісі оны ширк, адамға табынуғ әруаққа сыйыну деп ойлайды. Олай емес, ол білімсіз адамдардың ойы. Исламда үш таған бар: иман, ислам, ихсан. Иман мен исламды біледі, ал ихсанды ешкім білмейді. Ихсан деген суфизм. Иман мен исламда жүрген адамға қарағанда кемел деңгейге жету. Бұл — ғылым. Сопылықта бес уақыт намазымда өтедім, құдай риза шығар деп жүре бермейсің, исламды зерттейтін адамға айналасың. Суфизм қазақтың қанында ағып жатқан білім. Қожа Ахмет Яссауиден бастап тарқататын болсақ, қанша ғасыр өтті. Қай ауылға барсаң да, әулие көп. Қазақтың даласында шашырап жатқан бұл не деген әулие?! Бұның бәрі суфизм ұстанып, исламды ұстанған адамнан әлдеқайда рухани биік деңгейге жеткен адамдар. Олар құдайдың сүйіктілері», — дейді ол.

Ақын сопылардың Алла алдындағы дәрежесі туралы да сөз қозғады.

«Ащы сумен ат құйрығын кесісіп, намазға жығылдым. Содан кейін ислам деген не, зерттеп көрейінші дедім. Бұл — менің ақылмен таныған дүнием. Мен мешітке барып, біреудің уағызын тыңдап келген жоқпын. Намаз оқып, біреуді алдап, қылмысқа бара беруі мүмкін. Ал, сопылықта ондайға бармайды. Исламның үшінші тағаны, кемел болғандықтан сен ішкі жан дүниеңде қылуетке кіресің, оңашаланасың. Алла Тағала салған тыйымдарға жоламайсың, үнемі зікірде жүресің. Қайда жүрсең де Алланы ойлап жүресің. Сопы адам жаман болды деген сөз жоқ», — дейді ақын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close