Әлем жаңалықтары

Сығыр көз деді: Ресейде ұлтына байланысты кемсітілген 17 жастағы спортшы қыз өзіне қол жұмсады

Фото: cheposhka

Ресейде 17 жастағы спортшы ұлтына байланысты кемсітілгені туралы жазба қалдырып, өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Екі жыл бұрын Алтай Республикасынан Новосібірге көшіп келген самбошы Ксения Чепонованың денесін бапкерлері 17 тамыз күні тапқан.

Спортшы телеграм каналында блог жүргізіп келген, марқұм өзінің «соңғы жазбасын» осы блогта жариялапты.

«Мен жақсы адам емес шығармын, бірақ жаман адам емеспін, менің кінәм не екенін түсінбеймін? Туғаннан көзімнің сығыр болғанынан ба, әлде терімнің түсі қараторы болғаны үшін бе? Кейбіреулер ұлтымды әзілге айналдырғанға дейін мен өз ұлтымнан ешқашан ұялған емеспін», — делінген спортшының соңғы жазбасында.

Чепонованың туыстары мен достары “Окно» жобасына берген сұхбатында мектепте оқушылардың Ксенияны “сығыр көз» және «қара нәсілді» деп мазақ қылғандарын айтты. Отбасы мазақ етуді бастаған сол мектепте оқитын самбо бапкерінің қызы деп есептейді.

Тергеу комитеті Чепонованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Спортшының туысының айтуынша, іс «суицидке итермелеу” бабы бойынша қозғалған.

Еске салсақ, бұған дейін 19 жастағы қазақстандықтың құмар ойынның кесірінен өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close