Жаңалықтар
Талғар әкім сайлауы өтіп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Бүгін Талғарда қаланың жаңа әкімін сайлау жүріп жатыр, деп жазды qandastar.kz
Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау 26 сайлау учаскесінде сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Талғарда барлығы 42 мың 774 сайлаушы тіркелген.
Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр:
Арыстанбек Әбілқайырұлы, 41 жаста, «Аmanat» партиясының кандидаты. Талғар қаласы, «Талғар Тұрғын үй» ЖШС басшысы;
Кәденов Жәнібек Жанболатұлы, 33 жаста, Халық партиясының кандидаты. «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Талғар қаласы.
Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы, 42 жаста, өзін-өзі ұсынған кандидат. «Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Талғар ауданы әкімінің орынбасары.
Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков 15 қазанда кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қызметінен босатылған еді.