Мәдениет
Танымал әнші жеке өміріне қатысты жаңалық айтты
Фото: жеке қорынан
Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты құпияны ашты, деп жазады qandastar.kz
“Ақ көйлек кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күнде алыс емес. Жақсы күн жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса, мархабат”, – деп жазды әнші.
Одан кейін эстрада жұлдызы АҚШ еліне аттанып, өнерімен бағындыратынын айтты.
Бұған дейін өнер иесі актер Дәурен Айдарқұловпен шаңырақ көтеріп, екі баласымен ажырасып кеткен еді.