Жаңалықтар

Танымал блогер Артур шаңырақ көтерді

Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, танымал блогер Артур шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Тойға танымал тележүргізушінің өнердегі достары жылы лебіздерін білдіріп, фото-видеолар жүктеді.

Роза Рымбаева, Тамара Асар, Сәкен Майғазиев, Айгүл Қосанова сынды елдің бетке ұстар жұлдыздар той қонағы болды.

«Келін құтты болсын», — деп жазды Айгүл Қосанова. «Той өте жоғары деңгейде», — деп бағалады Тамара Асар.

Алматының төрінде өткен дүбірлі тойға елімізге танымал шоу-бизнес өкілдері, блогерлер қатысты.

Қуанышқа ортақтасқан қонақтар тойдың ерекше форматта өтіп жатқанын, ұйымдастырылуы мен безендірілуіне жоғары баға беріп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close