Жаңалықтар

Танымал блогер Нұрбекке сыйламақ болған көлігін соғып алды

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандық блогер, NNN лақап атымен танымал Нұрдәулет Бектұрсын Париж Олимпиадасында бокстан күміс жүлдегер атанған Нұрбек Оралбайға сыйлаймын деген көлігін соғып алды. Бұл туралы белгілі блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп хабарлайдя qandastar.kz 1bol.kzке сілтеме жасап.

«Мәссаған! Естеріңізде ме, Нұрбек бірінші орын алса береміз деген көлік еді. Күміс алса да алтынға тең жүлде деп бермекші болғанбыз. Сол күні түнде 11-де соқтық. Таңғы 9-да Нұрбек елге келетін еді», – деді блогер.

Көпшілікке көліктерінің көптігімен таныс блогер енді қазақ боксшысына көлік сыйлай ма деген сауалды жауапсыз қалдырды. Ол тек жеке парақшасында 2 бейнежазбаны көпшілікке ұсынып, көліктің жол шетіне шығып кетіп, апатқа ұшыраған сәтті көрсеткен.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында 80 келіде бақ сынап, финалға дейін жеткен еді. Ол шешуші жекпе-жекте украиналық Александр Хижнякка есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close