БілімЖаңалықтар

Танымал профессор Күләш Құнантаева қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Педагогика ғылымдарының докторы, академик, профессор Күләш Құнантаева қайтыс болды, – деп хабарлайды qandastar.kz

Ол – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін ең ұзақ уақыт басқарған (1968-1984) ректор. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінің үздік түлегі.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтің тікелей қолдауымен Университеттің оқу ғимараттары, кітапханасы, спорт ғимараты және жерлерін Күләш Құнантайқызы қамтасыз етті.

Яғни, Университеттің “Алтын ғасыры” – атағы мен даңқы, Күләш Құнантайқызының кезінде еселенді. 16 жыл бірегей білім ұясына басшылық жасаған Күләш Құнантайқызының басшылығымен оқу ғимараттары мен үш жатақхана салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 1200 адамды бір мезгілде тамақтандыратын асхана, кітапхана мен спорт кешендері іске қосылды, жаңадан 12 зертхана ашылды.

Күләш Құнантаеваның тікелей ықпалымен «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблі құрылды. Қазақ эстрадасында ең алғаш қыздардан құралған топ – «Айгүл» аз уақыттың ішінде әсем әндерімен, музыкалық жоғары талғамымен өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, Күләш Құнантайқызы, қазақ қыздарының ішінен ең бірінші болып, педагогикадан ғылыми дәрежесін Мәскеуде: 1966 жылы «Некоторые внеучебные трудовые и образовательные объединения учащихся Казахстана» тақырыбында кандидаттық және 1981 жылы «Развитие женского образования в Казахстане (1920 – 1975)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close