Жаңалықтар

Танымал журналист Нұрбек Оралбайға көлік сыйлаймын деп уәде етті

Журналист Әнуар Жәлел өзінің Instagram парақшасында Париж Олимпиадасына қатысушы Нұрбек Оралбайға үндеу жолдады, деп хабарлады Qandastar.kz.

Алтын медаль үшін бақ сынайтын спортшымызға чемпион атанса «Zigi-Zagi» лимонады компаниясы атынан «Zeekr» көлігін сыйлайтынын хабарлады.

– Бокстан спортшыларымыздың көбісін төрешілер аяқтан шалып жатқаны жанымызға қатты батқаны рас. Осыған орай, мотивация ретінде «Zigi-Zagi» лимонады компаниясы атынан осы көлікті @oralbay_nurbek – ке , ел қоржынына алтын әкеліп, қазақ елін қуантса сый етпекпіз. Осы «Zeekr» көлігімізді олимпиадада еліміздің намысын қорғап жатқан чемпионымыз Нұрбек Оралбайға сыйлаймыз, – деді ол.

Былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай өзінің Instagram парақшасында журналистке «Болды. ИншАлла барымды саламын» деп жауап берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close