Жаңалықтар

Тараздағы жантүршігерлік қайғылы оқиға: «Алдымен әйеліне, одан соң үйіне от қойған»

Сурет: pixabay

Таразда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің үстіне жанар-жағармай құйып өртеп жіберген. Денесін түгел күйік шалған – алты баланың анасы ауруханаға түсіп жансақтау бөлімінде таңға қарай жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің денесінің 98 пайызын күйік шалыпты. Отбасының ойранын шығарған жан түршігерлік жағдай кеше, 30 шілдеде түнгі 11-лер шамасында қаладағы жер үйлердің бірінде болған. Баспанасы да отқа оранған. Үйде балалары болыпты. Күйеуі де қайтыс болды. Оның денесін үйдің маңынан тапқан. Ал, ата-анасы мен баспанасынан айрылған балалардың ең кішісі –  үште, үлкені – 22 жаста, деп хабарлайды Astana.tv.

«Денесін күйік шалған әйел ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға орнынан жақын маңнан өлі күйінде табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз өзіне қол жұмсаған. Аталған деректерге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева

Бұған дейін Таразда ер адам жанжал кезінде жұбайын өлтіріп, содан кейін үйін өртеп жібергені, ақырында ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған. Күдіктінің өзі таяуда түрмеден босап шыққаны белгілі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close