Жаңалықтар

«Тарихта алғаш рет»: Фуболдан Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Фото: Fatemeh Bahrami/Anadolu via Getty Images

Футболдан Өзбекстанның ерлер командасы 2026 жылы болатын әлем чемпионатына іріктеу матчын сәтті аяқтады. Осылайша тарихта алғаш рет Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Бейсенбі күні команда Азия аймағындағы іріктеудің үшінші кезеңі аясында «А» тобының тоғызыншы турында матч өткізді. БАӘ және Өзбекстан матчы 0:0 есебімен аяқталды.

Бұл нәтиже Өзбекстан құрамасына әлем чемпионатына тікелей жолдама алуға мүмкіндік берді. Қоржынында 18 ұпайы бар команда бүгінгі күні екінші орында келеді. Үшінші орында тұрған БАӘ өкілдерінің еншісінде 14 ұпай бар.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close