Жаңалықтар

TikTok кәмелетке толмағандарға «cұлулық сүзгілерін» пайдалануға тыйым салады

Фото: ашық дереккөз

TikTok кәмелетке толмағандарға «cұлулық сүзгілерін» пайдалануға тыйым салады, деп жазды qandastar.kz

TikTok әлеуметтік желісі алдағы апталарда 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға түр-әлпетін жақсарту сүзгілерін пайдалануға тыйым салады. Бұл технологияның жасөспірімдердің психикасына және өзін-өзі бағалауға әсері туралы алаңдаушылықпен байланысты. Бұл туралы компания Дублиндегі штаб-пәтердегі қауіпсіздік форумында жариялады. Кәмелетке толмағандарға көз бен ерінді жасанды түрде үлкейтуге, сондай-ақ терінің өңін тегістеуге немесе өзгертуге тыйым салынады. Шектеулер Bold Glamour сияқты сүзгілерге қолданылады, бірақ мультфильмдегі қоянның құлағын немесе ит мұрнын қосатын сүзгілерге әсер етпейді.

atamekenbusiness_silkway хабарлағандай,   TikTok сонымен қатар 13 жасқа толмаған пайдаланушыларды бұғаттау үшін алгоритмдерді күшейтетінін мәлімдеді. Жыл соңына дейін платформа жас шектеулерін айналып өтетін адамдарды анықтайтын жаңа жүйелерді сынауды бастайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close