Жаңалықтар

«Тістеп алған»: Әйелінен таяқ жеген Әйтенов Әтешованы сотқа берді

Фото: ашық дереккөз

Әйелі мен балаларын үйден күштеп қуып шыққан Марат Әйтенов экс-жұбайын сотқа берді, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.KZ.

Астана қаласының соты Дана Әтешоваға денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін үкім шығарды.

Сот мәліметінше, әйел үйден мәжбүрлеп шығару кезінде үй иесіне қарсылық көрсеткен. М-ны ішке кіргізбей, қасақана ұялы телефонымен соғып, тістеп алған. Осылайша Әйтеновке дене жарақаты келтірілген.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде балаларының бар екенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар жоқ. Осылайша Атешоваға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close