Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Тізім жарияланды: Елімізде кімдер АЭС салуға мүдделі?
Фото: ашық дереккөз
АЭС құрылысын салуға үміткер компаниялардың тізімі жарияланды, деп жазды qandastar.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің жетекшілігімен Қазақстан делегациясы Ресейге іссапармен барып қайтты. Ведомствоның ақпаратынша, бұл сапардың негізгі мақсаты — Ленинградтық АЭС-тың жұмыс тәжірибесімен танысу және ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буын энергоблоктарының технологияларын зерттеу болды. ВВЭР-1200 реакторы – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы. Қазақстанның Ресейге сапары АЭС салуға қажетті технология жеткізушілермен жүргізілген диалогтың соңғы кезеңі болды. Бұған дейін делегация Оңтүстік Корея, Франция және Қытайға барып қайтқан еді.
Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді: Ресейдің «Росатом» Қытайдың CNNC Оңтүстік Кореяның KHNP Францияның EDF компаниясы. Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.