Жаңалықтар

Тойда қойға шапан кигізіп, алып шыққандарға жұрт шүйлікті

Фото: ашық дереккөз

Видеодан асабаның шапан киген қойды дүркіретіп ортаға алып шыққанын көруге болады, деп хабарлайды  qandastar.kz

Желі қолданушылары тойдағы бұл әрекетті «ұлттық киімді қорлау» деп бағалады. Асабаның орынсыз әзілін де сынап тастады.

«Мал десе, ренжиміз, малмыз ғой. Той иесі мен асабаның да санасы төмен. Қой, ұят болар, олай болмайды, дейтін бір адам жоқ па?», «Ұят ай, санасының жеткен жері осы ма? Қор болған шапаным ай, қуып кеткен қазағым ай…», «Ессіз асаба ма ессіз той иесі ма ұлттық құндылығыңның бірі үстіңе ілер бір киер шапаныңды малға кигізіп малмен тең болдың. Бір кем дүние», «Ұлттық киімді қор қылды!», «Қасиетсіздер», «Қазақты мазақ қылдыңдар!» – деп жазды олар.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close