Жаңалықтар
Тоқаев Конституциялық сот төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда
Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz
Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот аппараты жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығына жүгіне алатыны жөнінде баяндалды. Бұған дейін мұндай консультацияларды мыңнан астам адам алды. Орталықтағы заң консультанттары мен адвокаттар азаматтарға тегін кеңес береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс. Сонымен қатар сот органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңызды.