Жаңалықтар
Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі ресми сапармен келеді

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.