Жаңалықтар

Төрт адам жасөспірімді бопсалап, 20 млн теңге сұраған

Күдіктілер кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің шетелге оқуға баратынын және ата-анасының ақшасы бар екенін біліп, одан 20 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды qandastar.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Психологиялық қысым жасап, атыс қаруын көрсетіп, 4 млн теңге алған.

Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Кейін қалған мүшелері ұсталған.

Қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close