Әлем жаңалықтары
Трамп Путинмен келіссөздерден де маңызды кездесуді атады

Фото: realdonaldtrump Instagram парақшасынан алынды
Трамп Путинмен, Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездесу оның Ресей президентімен келіссөздерінен де маңыздырақ болатынын айтты, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп мұны Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында айтты.
«Ертең Путинмен кездесуіміз бар. Бірақ одан да маңыздысы Путин, Зеленский үшеуміздің кездесуіміз болмақ. Кейбір еуропалық көшбасшыларды шақыруымыз да, шақырмауымыз да мүмкін», – деді Трамп.
Трамп келіссөздің «өте қызық” болатынын айтты. Сондай-ақ ол кездесудетараптардың ұстанымын және бітімге келу перспективалары бар-жоғын анықтауды жоспарлап отыр.
«Алғашқы екі, үш, төрт немесе бес минуттың ішінде, кездесудің жақсы иә жаман өтетінін анықтауға болады», – деді Трамп.
АҚШ президенті кездесу нашар болса, оның тез аяқталатынын, ал жақсы өтсе, жақын арада бейбітшілікке орнайтыны жеткізді.