Әлем жаңалықтары

Трамп Ресей мен Украина қақтығысын шешу үшін Қытайдан қолдау сұрады

Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қаңтарда Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге ықпал етуді өтінгенін мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

«Иә, мен оған бұл мәселені шешу керек екенін айттым. Ол бұл бағытта көп нәрсе істей қойған жоқ. Бірақ оның да, біздің де үлкен ықпалымыз бар. Мен оған: «Бұл мәселені реттеу қажет», – дедім», – деді Трамп.

Сонымен қатар, Трамп Ресей президенті Владимир Путин келіссөздерден бас тартқан жағдайда, Ресейге жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін айтты. Алайда, ол бұл санкциялардың нақты қандай болатынын ашып айтпады.

 

atamekenbusiness_silkway хабарлағандай,  21 қаңтарда Қытай мен Ресей басшылары 1,5 сағат бойы бейнебайланыс арқылы сөйлесті. Олар Украинадағы жағдайды және АҚШ-та Трамп әкімшілігі билікке келгеннен кейінгі елдердің қарым-қатынасын талқылады. Си Цзиньпин телефон арқылы Трамппен болған әңгіме туралы жалпы ақпаратты Владимир Путинге жеткізген.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close