Әлем жаңалықтары

«Трамп тарихта ақымақ ретінде қалады» — Досым Сәтпаев

Фото:Тотал.кз

Саясаттанушы Досым Сәтпаев АҚШ пен Украина көшбасшыларының Ақ үйдегі соңғы кездесуін талдады, деп хабарлайды qandastar.kz

Досым Сәтпаевтың пікірінше, кез келген маңызды саяси оқиғаны талдағанда оны ұзақ мерзімді перспективада – 30-50 жыл аясында бағалау қажет. Сондықтан, саясаттанушының ойынша, бұл жағдайда жеңілген тарап Дональд Трамп болмақ.

«Егер Украина АҚШ-тың қолдауынсыз да ұзақ уақыт бойы агрессияға тойтарыс бере алса, Трамп тарихта қарапайым нәрсені түсінбеген ақымақ ретінде қалады. Кейбір сарапшылар атап өткендей, шарттарды тек берілуге дайын тарапқа ғана қоюға болады. Ал Украина мұндай қадамға бармақ емес. Бұл – АҚШ көмегінсіз “Талибан” қозғалысынан қашқан Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани емес.

Dalanews.kz хабарлағандай,      тіпті ең қолайсыз жағдайда Украина қазіргіге қарағанда қиын ахуалға тап болған күннің өзінде, Трамп бәрібір тарихта ақымақ саясаткер ретінде қалмақ. Бұл Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Невилл Чемберленнің тағдырына ұқсас болар еді. Ол ХХ ғасырдың 30-жылдары Мюнхен келісіміне қатысып, Германияға Чехословакияның Судет облысын “беру” арқылы соғыстың алдын алғысы келді. Бірақ бұл қате шешім екенін тарих көрсетті.

Ақыр соңында, бір афоризмде айтылғандай: “Біреу тарихқа кіреді, ал біреу оған былғанады!”. Черчилль тарихқа енді. Чемберлен былғанды. Бірі өз елі мен әділдік үшін күресті, екіншісі саяси ұпай жинап, өтірікпен мәміле жасауға тырысты», – деп жазды Досым Сәтпаев Facebook-те.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close