Жаңалықтар
Трендтен қалмайтын мектеп директоры Димаш Құдайбергеннің әнін орындап, клип түсірді

Желіде оқушыларымен бірге трендтік видеолар түсіретін танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза әнші Димаш Құдайбергеннің әніне кавер түсірді, деп хабарлады Qandastar.kz ақпарат порталы.
Ол бейнебаян арқылы жас түлектерге қолдау білдірді.
«Құрметті жас түлектер мен қадірлі оқырмандар!
Өмір жолы әрдайым бірқалыпты бола бермейді. Қиындықтар кездессе де, ешқашан мойымаңыздар.
Әр сәттен шабыт алып, тек алға ұмтылыңыздар. Армандарыңыздан бас тартпаңыздар, болашақ сендердің қолдарыңда!
Бәрі де өз қолыңда…», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне челлендж түсіріп, желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза әншінің қолынан Еуропаға жолдама ұтып алған болатын.