Жаңалықтар
Түнгі клубқа барып жұмысынан айрылған мұғалімдер, сотта жеңіліп қалды
Фото: inbusiness.kz
Қызылордалық екі мұғалім мектеп директорына «қысымммен жұмыстан шығарды» деп арыз жазып, сот процесінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.
Еске салсақ, былтыр қызылордалық екі мұғалімнің Стамбулдағы түнгі клубта трансвеститтер шоуында жүрген видеосы желіде тарап кетті. Одан соң екі мұғалім желідегі жұрттың және білім саласы басшыларының сынына қалып, кейін жұмыстан өз еркімен кеткені хабарланған.
Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған. Сондай-ақ олар мектеп басшысы қысым жасағанын, одан жан азабын тартқанын растайтын дәлел ұсына алмаған.
Ендігі кезекте олар апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.