Жаңалықтар
Түрлі этнос өкілдері тұратын аймақтарда Ассамблея ашу керек — Тоқаев

Фото: Ақорда
Президент Үкімет пен әкімдерге Ассамблеяның жобаларын қоғамдық-саяси жұмыс жоспарларына қосып, нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп жазды qandastar.kz
«Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек. Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа Достық үйі ашылды. Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу қажет. Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ашу керек. Сонымен қатар Достық үйлері тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарланып отыр. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек», — Президент.