Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
«Түсірілім алаңында бірде бір қазақ болмасын»: Елімізде бейнебаян түсірген ресейлік блогер өзін айыптағандарға жауап берді

Фото: жеке парақшасынан
Танымал ресейлік блогер Валя Карнавалға қатысты дау шықты, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазақстанға былтыр ресейлік блогер клип түсіру үшін келген. Ең басты талабы — түсірілім алаңында бірде-бір қазақ болмауы керек екен. Елестетіп көріңізші: Қазақстанға келіп, жергілікті адамдарды алаңнан кетіруді сұрау — бұл ақымақтық», — деген еді Anton S Youtube арнасы.
Алайда блогер мұны жоққа шығарды.
“Әлеуметтік желіден маған байланысты бір видеоны көрдім. Ол жерде менің бір жыл бұрын клип түсірген кезде Қазақстан командасына дұрыс қарамағанымды айтады. Мен сіздерге ашық айтайын: бұл — жалған, сандырақ, жала және арандатушылық. Қазақстандық жігіттермен жұмыс істегеннен кейін, менде керемет әсер қалды. Клип өте керемет, тамаша шықты. Адамдар өте мейірімді әрі қонақжай екен. Осындай жалаға менің жаным ауырады. Сандыраққа сенбеңіздер, әйтпесе мен сотқа жүгінуге мәжбүр боламын» — деді Валя Карнавал видеоүндеуінде.