Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Тыңшылыққа қатысы болуы мүмкін: «Байқоңыр» ғарыш айлағында шетелдіктер ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Байқоңырдағы ғарыш айлағының аумағына заңсыз кірген үш еуропалық ұсталды, — деп хабарлайды qandastar.kz.

Shot Telegram арнасы жазғандай, олар Нидерланды мен Бельгияның азаматтары. Шетелдіктер ғарыш айлағының монтаждау және жанармай құю кешеніне кіріп бара жатқанында  полицияға ұсталған.

«Ұсталғандардың ғарыш айлағымен байланысы жоқ, олар тіпті Байқоңырға рұқсатсыз кірген», — делінеді мәліметтерде.

Қазір шетелдіктердің тыңшылыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close