Әлеумет және қоғам

«Уайымдама, сөйлесіп қойғанмын»: Желіде Шерзаттың өліміне қатысты сот аяқталған кезде әлдекімдердің жазылып қалған диалогы тарады

Фото: Жоғары сот

Әлеуметтік желілерде басты айыпталушы-Абзал Шынасыл айғақ берген Шерзат Болатты өлтіру туралы іс бойынша соттың кезекті отырысының тікелей эфирінен кейін оғаш диалог талқыланды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрда соттың аяқталғаны жарияланып, жиналғандар орындарынан тұра бастаған.

– Көзімнен жас шығып кете жаздады ғой, дұрыс сөйледім бе ей?

– Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын.

Видеода кім кіммен сөйлесіп жатқаны белгісіз. Бірақ желі қолданушылары мұны айыпталушылар мен олардың адвокаттарымен байланысты деп топшылады.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ. 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close