Жаңалықтар
«Үйге табытпен келді». Жамбыл облысында дәрігерлердің адам өліміне себепші болып, кейін істі айла-қулықпен шешпек болғаны хабарланды
Фото: ашық дереккөз
Жамбыл облысы, Жуалы ауданының аурханасына токсикозбен түскен Айгүл Айтуғанқызының қайтыс болды. Марқұм медициналық мекемеде 12 күн жатқаннан кейін жұмбақ жағдайда жан тапсырған. Бұл жайлы Alash.kz ұлттық порталыжазды.
Туыстары марқұмның дәрігерлер қателігінен қаза тапқанын айтады. Олар тәуелсіз сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр.
Аурухана дәрігерлері болған жағдайға өздерін кінәлі санамайтынын жеткізген. Полиция тарапынан еш әрекет болмаған. Бұл туралы Время басылымы жазды.
Stan.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, төртінші рет ана атанғалы отырған науқасты гинекология бөлімінің басшысы Замира Ашилова 8 қаңтар күні өз бөліміне орналастырған. Кейін ол науқасқа “ксилол” деген дәрілік зат алдыртуды тапсырған. Айгүл дәріні күйеуіне алғызбақ болған. Алайда перепаратты сатып алуға барғанда дәріханадағылар “ксилолдың” химиялық зат екенін айтқан. Сондай-ақ фармацевт ер адамнан дәрінің атауын тағы бір нақтылап алуын сұраған. Маманның “Мүмкін ксилат болар?” деген болжамы расталып, Айгүлдің күйеуі дәріні әйеліне апарып берген. Ол 14 қаңтар күні әйеліне үш бөтелке “ксилат” алып, оны медицина қызметкерлері арқылы беріп жіберген. Кейін Айгүл тағы “церукал” препаратын алдыртуын сұратқан.
“Мен келіп, оған бірнеше рет хабарластым. Ол тұтқаны алмады. Әдетте ол өйтпейтін. Сөйтсем оның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырыпты. Үш рет жүрегі тоқтап қалған. Тараздан санавиация шақыртыпты. Ал бұл туралы бізге ештеңе айтпаған”, – дейді Айгүлдің күйеуі.
Марқұмның жақындары дәрігерлерден қате кеткенін түсініп, олардан емдеу хаттамасын сұраған. Алайда дәрігерлер бермей қойған. Кейін “ксилаттың” токсикозды емдеуге қолданылмайтыны белгілі болды. Ал дәрігерлер препаратты емдік мақсатта қолданбағанын, тіпті үш бөтелкенің ашылмағанын айтып, суретке түсіріп жіберген.
Марқұмның жақындары дәрігерлерден қате кеткенін түсініп, олардан емдеу хаттамасын сұраған. Алайда дәрігерлер бермей қойған. Кейін “ксилаттың” токсикозды емдеуге қолданылмайтыны белгілі болды. Ал дәрігерлер препаратты емдік мақсатта қолданбағанын, тіпті үш бөтелкенің ашылмағанын айтып, суретке түсіріп жіберген.
Күйеуінің Айгүлге жіберген суретіндегі “ксилат” пен дәрігерлер жіберген суреттегі “ксилаттың” айырмашылығы бар болып шықты. Ер адам сатып алған дәрінің сериясы AV 212/1-1, жарамдылық мерзімі 27.10.2024 жылға дейін, ал дәрігерлер жіберген препараттың сериясы AV 13/1-2, оның жарамдылығы 31.01.2025 жылға дейін жетеді. Осылайша дәрігерлер препаратты ауыстырып қойған.
“Айгүл ауруханаға түскен соң 12-күні қайтыс болды. Оны гинеклогтан басқа ешқандай дәрігер қараған жоқ. Бізге берген алғашқы қорытынды бойынша, “оның асқазанынан нитриттер табылып, уланып қайтыс болды” делінген. Бірақ оның асқазанынан да, қанынан да, басқа дене мүшелерінен де нитрит табылмады. Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлері дұрыс ем-дом жасамағандықтан сіңлім қайтыс болды деп ойлаймын. “Ксилаттан” кейін тәуелсіз сот-медициналық сараптама жасаттық. Қазір соның нәтижесін күтіп жүрміз”, – дейді Айгүлдің әпкесі Мәншүк Мамбетова.
Облыстық полиция департаменті Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасында науқастың қайтыс болу фактісі бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес («Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу») іс тергеліп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, қажет сараптамалар тағайындалған.
Бұл жағдай бойынша талдау жүріп, гинекология бөлімінің меңгерушісі Зарина Ашилова сөгіс алды. Қазір Зарина Ашилованың зейнетке шығуына байланысты, ол қызметтен кетті.
“Үлкен қызы анасының жоғын түсінеді. Жасы небәрі 8-де болса да, ерте есейіп кетті. Сіңлімді 20 қаңтар күні жерледік, 21 күні оның ұлы екі жасқа толды. Айгүлдің 4 жастағы қызы мен ұлы анасын іздеп, сұрайды”, – дейді Мәншүк Мамбетова.
Сондай-ақ аудандық аурухананың дәрігерлері Айгүлдің күйеуіне емес, ата-анасына барып, шу шығармауын сұрап, материалдық көмек ұсынған. Алайда отбасы бұдан бас тартқан.