Қаржы және төлемдер

Үкімет 5 жастағы балалардың шотына ақша аудармақ

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды qandastar.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Құжатта «Келешек» біріңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар да қарастырылған.

«Келешектің» бағдарламасына қатысатын әрбір ата-анаға банктерде немесе өмірді сақтандыру компаниясында кез келген жастағы баласының атына шот ашуға құқығы беріледі.

«5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК, жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді. Ата-аналар үшін баланың шотына жыл сайынғы ең төменгі жарна талаптары бар. Ол әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін – 12 АЕК және қалғандарына – 24 АЕК. Жинақ барлық бала үшін 5 пайыз, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін 7 пайыз. Сондай-ақ банктің немесе сақтандыру компаниясының белгіленген табыс көлемі үшін жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы алады», – делінген Мәжіліс ұсынған мәліметте.

Ең төменгі жылдық жарнаға қойылатын талаптар бұзылған жағдайда бастапқы білім беру капиталы бюджетке қайтарылуға тиіс. Жиналған қаражатты елде немесе шетелде білім алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close