Мәдениет

«Үкімет үшін әндетіп жүргем жоқ»: Ақбота Керімбекова атақ алған әншілерге шүйлікті

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова марапатталып жатқан әріптестеріне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі осыған дейін мемлкеттік атақ алмағанын айтты, деп жазады qandastar.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Керімбекова Instagram-дағы парақшасында азулы жазба жариялап, атақ алған өнер иелеріне шүйлікті. «Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет», «Парасат», «Даңқ». Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен, өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?!  Үйдегілер кейде сұрап қалады «Әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?» дейді. «Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол» деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін «көре алмай отыр» демесе екен. Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ Tik-Tok-дағы легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер?! Көре алмай жүрсіңдер ме», – деп жазды әнші.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close