Жаңалықтар
Украинаға Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды

Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Украинаға Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz
Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Дархан Кәлетаевтің орнын басқан жаңа елші – Төлежан Барлыбаев.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды»,- делінген ақпаратта.
Төлежан Барлыбаев – 1970 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Мәскеуде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілімі:
- ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінің қызметкері (1993-2007);
- ҚР Украинадағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы (1994-1997);
- ҚР СІМ Сыртқы саяси іс-шараларды ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасының бірінші хатшысы (1997-1998);
- ҚР Украинадағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (1998-2002);
- ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің жалпы саяси мәселелер бөлімінің бастығы, ҚР Сыртқы Істер Министрі Хатшылығының талдау бөлімінің бастығы (2002-2003);
- ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаменті халықаралық шарттар басқармасының бастығы (2003);
- Польша Республикасындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі (2003-2007);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің ЗТБ бас инспекторы (2007-2008);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің ЗТБ меңгерушісі (2008-2009);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің ОӘО меңгерушісінің орынбасары (2009-2012);
- Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2012-2017);
- Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (05.2017-30.03.2022);
- Қазақстан Республикасының Босния мен Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (04.05.2018-30.03.2022);
- Қазақстан Республикасының Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (30.03.2022-15.11.2024)
Бұған дейін Дархан Кәлетаевтің Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылғандығы хабарланған болатын.