Әлем жаңалықтары

Украинаны қорғауға барған түркістандық ақталды

Фото: ашық дереккөз

Алматыда Украинада ДХР жағында соғысқан Қазақстан азаматының ісі бойынша сот отырысы өтті. Түркістан облысының тумасы 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, бірақ ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп жазады qandastar.kz.

50 жастағы Қанат Атамбеков 2015 жылы шет мемлекеттің соғыс қимылдарына қатысуға бел байлағандықтан Қазақстаннан шығып, Мәскеуге кеткен. Ары қарай қарулы қақтығыс болып жатқан Украина аумағына көшкен.

Қылмыстық іс материалдарында айтылғандай, Атамбеков «бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы ауыр қылмыс» жасауға шешім қабылдады, сондықтан ол мойындалмаған Донецк халық республикасының әскерлеріне қосылды.

2017 жылы оның профилі «Миротворец» сайтында қылмыстық топтың мүшесі ретінде жарияланды. 2022 жылы Қазақстан азаматы КХДР Ясиновац ауданы аумағында жүргенде 42600 әскери бөлімінің 2-ші мотоатқыштар отрядының сапына атқыш-оператор болып қосылған. Атамбеков 2023 жылдың желтоқсан айының соңында ауыр жарақат алған.

2024 жылдың наурыз айында Қазақстан азаматы алған жарақатынан, қан кетуден ДХР аумағында қайтыс болды. Алайда құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 172-бабы (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша тергеуді жалғастырып, істі сотқа жіберді. Kozachkow телеграм арнасы жазғандай, Атамбековтің әрекеті шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа қасақана заңсыз қатысу деп танылады. Бұл қылмыс үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қазақстан азаматы қайтыс болғандықтан, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close