Мәдениет
Үлкен гараж, жеке бассейн, ат шаптырым футбол алаңы – Сатыбалдының сарайында тағы не бар?
Фото: скриншот
Қайрат Сатыбалдының Астананың сол жағалуындағы зәулім сарайлары таңдай қақтырды. Бір гектар жерге салынған көлемі 1000 шаршы шақырымнан астам жеке жайда 16 бөлмелі екі қабатты үй, оның жанында тағы екі ірі нысан бар, деп хабарлайды qandastar.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ғимараттардың бірінде балалар емделіп жатыр, ал екіншісінде үлкен бассейн орналасқан. Ішінде киім ауыстыратын бөлмелері бар. Футбол ойнайтын алаң салынған. Оншақты көлік қоятын тұрақтар бар. Олардың төртеуі жабық тұрақ. Аулада жасыл жапырағы жайқалған әртүрлі ағаштар өсіп тұр.
Қамал секілді қоршалған Сатыбалдының жеке жайы Астанадағы мешіттің жанында орналасқан. Ол бір көшенің бойын алып жатыр.
Айта кетейік, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бір топ журналисті шақырып, Астанадағы ең қымбат аудандардың бірінде орналасқан Қайрат Сатыбалдының зәулім сарайын көрсетті. Оны түрмеде отырған Сатыбалды Астана әкімдігінің балансына берген.