ҚР Ұлттық Банкі 2026 жылғы 22 ақпанға арналған шетел валюталарының ресми бағамдарын жариялады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлайды.
Ұлттық Банк бекіткен ресми курс бойынша 1 АҚШ доллары – 496,04 теңге, еуро – 586,76 теңге, Ресей рублі – 6,45 теңге, Қытай юаны – 71,61 теңге болды.
Сарапшылардың айтуынша, валюта бағамы нарықтағы өзгерістерге байланысты ауытқуы мүмкін. Ал ақша айырбастау орындарында сатып алу мен сату бағасы әртүрлі белгіленеді.
Астанада долларды сатып алу бағасы – 496 теңге, сату – 503 теңге. Еуро 581–591 теңге аралығында саудаланса, рубль 6,4–6,7 теңге шамасында.
Ал Алматыда доллар 496,57–499,78 теңге аралығында, еуро 584,50–589,96 теңге аралығында, рубль 6,36–6,47 теңге аралығында айырбасталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық Банк «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ доллары есептелгенін мәлімдеген болатын.



