Білім

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша 2025 жылғы бірінші ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 10 ақпанға (қоса алғанда) дейін жалғасады, деп жазды qandastar.kz

Жоғары білім және ғылым министрлігінің мәліметінше ҰБТ-ға 167 мыңға жуық адам өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп.

Өтініш бергендердің басым бөлігі математика-физика, биология-химия бейіндік пәндер комбинациясын таңдаған болса, ең азының таңдауы орыс тілі-орыс әдебиеті, химия-физика комбинациясына түскен.

Еске салайық, ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close