Жаңалықтар

Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді

Фото: ашық дереккөз

Астанада қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық қорғаныс университетінде қызмет ететін полковник шеніндегі әскери қызметкер бір әйелді зорлады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды  qandastar.kz      Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2025 жылы 8 шілдеде шамамен сағат 20:00-де болған. Жәбірленуші сол күні күдіктінің шақыруымен оның әскери қалашықтағы үйіне барған. Үйде тағы бір ер адам болған. Олар бірге ішімдік ішкен. Сол кезде оған жыныстық зорлық көрсеткен.

Зардап шеккен әйел оқиға орнынан қашып шығып, дереу 102 нөміріне хабарласқан.

Жәбірленуші полицияға берген түсініктемесінде күдіктімен 2019–2023 жылдар аралығында жақын қарым-қатынаста болғанын айтқан.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады «Орда» тілшілеріне Астана қаласының полиция басқармасы.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close