Жаңалықтар
«Ұлымды аңдып, артынан қалмады»: Шәріп Серіктің анасы ұлына араша түсті

Фото:Stan.kz
Кино жұлдызының анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы жеке парақшасында ұлының кінәсіз екенін айтты. Сөзінше, Әлия Бутаева ұлын арандатпақ болған, деп жазды qandastar.kz
“Ол өзінің арам пиғылын алдын-ала жоспарлады. Менің ұлым онымен ара-қатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Ұлымның пәтеріне баса-көктеп кірген. Сол күнгі бейнежазбаны да тұрғын үй кешенінен алған. Негізінен, ол үйде тұрмайды. Заңсыз қолына түсірген”, – дейді Шәріп Серіктің анасы.
Актердің анасының сөзінше, қоғамды дүрліктірген атышулы бейнежазба екі ай бұрын болған.
“Бетіне шапалақ тисе неліктен сол 8 ақпан күні полиция шақырмады. Экпертиза жасатпады, арызданбады?! Неге 2 ай өткеннен кейін полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? НеліКтен полиция бөліміне қасындағылар “осылай айт” деп балама видео жазуға мәжбүрледі?” – дейді анасы.
Stan.kz хабарлағандай , анасы блогердің екі жыл бойы ұлының табысына күн көргенін жайып салды.
“Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып әдемі киім киіп жүр?! Ол танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа “жалған айтып” жала жауып ұлымды қаралады. Бәріде ұмытылады. Бірақ бір Алла ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды”, – дейді Гүлнар Мұратқызы.
Еске салайық, актер Шәріп Серік тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған еді.