Жаңалықтар

USAID Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мен ЛГБТ-ға қанша қаражат бөлгені белгілі болды

Фото:yahoo.com

АҚШ-тың USAID агенттігінің шығындары көрсетілген жаң тізім жарияланды. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Punchbowl News басылымының ақпаратына сәйкес, USAID Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту үшін 2 миллион доллардан астам қаражат жұмсауды жоспарлаған.

АҚШ-тың мемлекеттік шығындарының ашық деректер базасы usaspending сайтының мәліметінше, 2,3 миллион доллар Eurasia Foundation ұйымына бөлінген.

Eurasia Foundation – 1990-жылдары құрылған халықаралық коммерциялық емес ұйым. Ол Еуразия елдерінде демократиялық дамуға, экономикалық өсімге және әлеуметтік реформаларға ықпал етуді мақсат етеді. Ұйым азаматтық қоғамды, шағын бизнесті, цифрландыруды, сыбайлас жемқорлықпен күресті қолдап, білім беру мен технологиялық жобаларды гранттар, оқыту бағдарламалары және халықаралық донорлармен серіктестік арқылы жүзеге асырады.

Usaspending сайтының деректеріне сәйкес, Eurasia Foundation ұйымы USAID-тен 2,7 миллион доллар алған. Бұл қаражат Еуропа, Еуразия және Орталық Азия елдеріне көмек бағдарламаларына арналғанымен, барлық қаржы толығымен Қазақстанға бағытталған.

 

Бағдарламалар бойынша қаржыландыру толықтай USAID-тің шетелдегі көмек бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған, оған 2,68 миллион доллар бөлінген. Барлық қаржы 100% Қазақстанға бағытталған.

Бағдарлама 2024 жылдың қазан айынан 2029 жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғасуы тиіс болған.

Еске салайық, бұған дейін америкалық USAID агенттігі Қазақстандағы қай ұйымдарды қаржыландырғаны белгілі болды. Қазақстанда USAID заң үстемдігін нығайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды белсенді түрде қолдады. Оның ішінде БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде ЛГБТ құқықтары теңдікпен айналысатын ұйымдар болды.

  • Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімінің бар екенін еске салды. Агенттік америкалық USAID ұйымы төңірегіндегі дау және оның Қазақстанға ықтимал ықпалы туралы талқылауларға байланысты мәлімдеме жасаған.
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close