Жаңалықтар
USAID-та қанша қызметкер қысқарды?

Фото evex.com
USAID-та 10 мың қызметкердің тек 294-і жұмысын жалғастырады, деп жазды qandastar.kz
Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қызметкерлерінің көбін жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр. Reuters мәліметінше, 10 мың қызметкердің 294-і ғана өз орнын сақтап қалмақ. Агенттікте істейтіндердің басым бөлігі 7 ақпаннан бастап әкімшілік демалысқа жіберілетіні туралы ақпарат жарияланды. Негізгі басшылық құрам мен аса маңызды міндеттерді атқаратын қызметкерлер ғана жұмысын жалғастырады. USAID-тің бұрынғы қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар Трамп әкімшілігінің агенттік бағдарламаларын қысқарту мен тоқтату туралы шешімін сынға алды.