Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Үш бөлке нан тасып жүр: Астаналық тұрғын боранда курьерлерді тентіретіп қоятындарға наразы

Астана қаласының тұрғыны қатты аяз бен боран кезінде жеткізу қызметін пайдаланатын адамдарға наразылығын білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі astananewskz парақшасына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода курьердің қолайсыз ауа райында көшеде әрең қозғалып, шағын ғана тапсырысты жеткізіп бара жатқан сәті көрсетілген.

Видео авторының айтуынша, оны осындай ауа райында адамдардың жеткізуге тапсырыс беруі қатты алаңдатқан.

«Қандай шұғылдық бар? Далада бейшара адам біреуге үш бөлке нан тасып бара жатыр. Адамгершілік қайда?» — дейді астаналық тұрғын.

Сонымен қата, бұл мәселенің екінші қыры да бар. Егер тапсырыс болмаса, курьерлер табыссыз қалуы мүмкін. Алайда бейнежазбадағы көріністер ауа райының күрт нашарлауы курьерлер үшін жұмысты аса ауыр әрі қауіпті ететінін көрсетеді.

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты екіұдай пікір білдіруде: бірі мұндай күндері жеткізу қызметін уақытша шектеу қажет десе, енді бірі әркім өз еңбегі үшін жауапкершілікті өзі алатынын не болмаса курьерлердің табысын көбейту жайлы айтады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button