Жаңалықтар
«Вьетнамдық жанкүйерлері қазақ тілін үйреніп алған»: Димаштың анасы ерекше қуанышымен бөлісті

Фото: желіден алынды
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
«Димаштың Вьетнамдық фанаттарына көп рахмет айтқым келеді. Әуежайдан бастап күтіп алып, концертте Димашқа үлкен қолдау көрсеткендеріңіз үшін, Димаштың бөлмесін ерекше гүл шоқтарымен безендіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Димаштың вьетнамдық фанаттары қазақ тілін де үйреніп алған, біздің ана тілімізге, елімізге, Димаштың өнеріне деген құрметтеріңіз үшін өте ризамыз», – деді Света Айтбаева.