Әлем жаңалықтары
Вьетнамдықтар Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр

Фото: Бак.кз
Вьетнамдық компания Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр, деп жазды qandastar.kz
Вице-премьер Серік Жұманғариннің сөзінше, жуырда Qazaq Air әуе компаниясын сатып алған вьетнамдық SOVICO Group Қазақстандағы әуежайлардың бірін басқаруға алуды көздеп отыр. Компания қарқынды дамып келеді, халықаралық келісімшарттары бар және Қазақстанды кеңею үшін негізгі стратегиялық алаң ретінде қарастырып отыр. Серік Жұманғарин Вьетнамның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның ең ірі серіктестерінің бірі екенін де атап өтті.
2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 879 млн доллар болды. Қазақстан Вьетнамға мырыш пен қорғасын экспорттаса, Вьетнамнан техника мен дайын өнімдер импорттайды.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, елде Вьетнамнан келген ірі инвесторлар жұмыс істеп жатыр.