Жаңалықтар

«Z» және «V» белгілері бар»: Батыс Қазақстанда Ресейдің әскери техникалары не істеп жүр?

Фото: Мой город

БҚО-ның Бөкей орда ауданындағы Сайхин ауылында Ресейдің туы ілініп, «Z» және «V» белгілері бар әскери көліктер жүріп өткен. Әкімдік өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындар әскери көліктердің Қазақстан территориясында жүргеніне наразы, сонымен қатар олар жаңа асфальтты құртуы мүмкін деп отыр.

«Ауылда жүрулеріне кім рұқсат берген?», – дейді тұрғындар.

Аудан әкімдігі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

«Көліктердің бірі ауылдағы газ трубасын тиіп өткен. Біздегі ақпараттар бойынша, Ресей Федерациясы Қазақстаннан полигонды жалға алған. Ол Бөкей орда ауданынан 100 шақырым жердегі Сайхин ауылында орналасқан. Қазіргі таңда ол аймақта Ресейдің екі әскери аймағы орналасқан. Қызметкерлер вахта бойынша жұмыс істейді, ресейлік техника полигондарда келісілген бағыт бойынша жүреді», – дейді әкімдіктегілер.

Ведомство мәліметінше, ауа райы жаңбырлы болып тұрғандықтан және олар жүретін бағытта жол нашар болғандықтан, әскери техника Сайхин ауылы арқылы өткен.

«Бес әскери көлік 20 қазанда ауылдағы асфальтталған көшемен жүріп өткен. Газ трубасын түртіп өткенімен, айтарлықтай зақым келмеген», – дейді әкімдік өкілдері.

Бұл жайттың өзге де мән-жайлары анықталып жатыр. Арнайы техниканың жүргізушісі жауапқа тартылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close