Жаңалықтар
Зағип енесіне ЭЦП ашып беремін деп несие алып, төркініне кетіп қалған келінге қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотында енесін алдап, несие алған келіннің ісі алаяқтық фактісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгілі болғандай, келін енесінің екі көзі көрмейтін мүгедек екенін біле тұра, ЭЦҚ ашып беремін деген сылтаумен оның атынан бірнеше несие рәсімдеп, Алматы қаласына кетіп қалған.
Келін түрлі банктен жалпы саны 514 мың теңге көлемінде несие алғаны белгілі болды.
Сотта ол кінәсін толық мойындап, іс бойынша дәлелдемелерді дауламады және қазір жәбірленушімен татуласқанын көрсете отырып, соттан жазаны жеңілдетуді сұрады.
Нәтижесінде, Мойынқұм аудандық сотының үкімімен ол ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.