Қаржы және төлемдер

“Жалақы 600 мың болса да, жұмыс істегісі келетіндер аз”: Депутат кәсіптік-техникалық мамандар тапшы екенін айтты

Фото: pixabay.com

Парламент сенатының депутаты Талғат Жүнісов депутаттық сауалында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кадр тапшылығы проблемаларын жою және мамандарды даярлау сапасын арттыру қажеттігін айтты. Бұл туралы qandastar.kz   Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенаторлар Қарағанды, Абай, Ақмола облыстарын және Астана қаласяндағы білім беру саласындағы бірнеше кәсіпорындар мен мекемелерге барып, техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі кадрлік қамтамассыз ету мәселелерімен танысқан. Жүнісовтың сөзінше, елімізде кәсіптік-техникалық мамандар тапшы.

«Қазіргі таңда еліміздегі 772 колледжде 565 мың студент білім алып жатыр. Оған қоса кәсіби квалификация бойынша 252 мың. Ақпаратқа сәйкес жылу энергетикасы, су ресурстары, тау-кен ісі, ауылшарушылығы, балықшаруашылығы тіпті авиация саласында да маман тапшылығы бар. Құрлысшылар, аспаздар, тігіншілер жетіспейді. Кәсіби білікті жұмысшылардың – токарьлардың, фрезерлердің, слесарлардың тапшылығы күрделі мәселеге айналып отыр. Жалақы 600 мыңға дейін жетеді, бірақ жұмыс істеуге ынталы адамдар аз. Кәсіптік білімі бар мамандарға сұраныс жоғары оқу орындарының түлектеріне қарағанда 70 пайызға жоғары. Орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде кадрларды даярлаудың еңбек нарығының қазiргi талаптарға сәйкес келмеуi мәселесiмен бетпе-бет келгенi белгiлi болды», — дедi Жүнiсов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close