Жаңалықтар

Жамбыл облысында 10 бала уланып қалды

Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында 10 бала уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz

Оқиға Меркі ауылына қарасты «Нұрай» бөбекжай-бақшасында болған.

«17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түсті. Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген. 1 бала жансақтау бөліміне ауыстырылды, жағдайы бірқалыпты», — деп хабарлады облыстық әкімдік.

Осы жағдайға байланысты жұмыс тобы құрылды. Қазір мамандар тиісті зерттеулер жүргізіп, аурудың неден шыққанын анықтап жатыр. Орталық жұмысы 2 тәулікке тоқтатылды. Ғимаратта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close