Жаңалықтар

«Жан дос деген осындай болуы керек»: Илья Ильин клиникада емделіп жатқан Алмас Өтешевке барды

Фотоколлаж: ашық дереккөз

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин клиникада емделім жатқан досы, ауыр атлет Алмас Өтешевке барып, жағдайын сұрады. Ол әлеуметтік парақшасында екеуінің видеосын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Уәде еткенімдей, мен  Алмастың жағдайын айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы  оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Ендеше, сауығып кететін осы қиын жолда оған күш-қуат тілейік. Алмас досым клиникада 5 ай ем алады. Оның емделу жолы оңай болмайды. Бірақ біз дайынбыз. Федерация осындағы емін толық қаржыландырып жатыр. Осы оқиғадан басымызды тік көтеріп, жеңіспен шығайық», – дейді Илья Ильин.

Алмас Өтешевтің өзі «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деп бекер айтпаған дейді.

«Илья досым келді. Мені емдеп жатыр. Жан дос деген осындай болуы керек, жігіттер. Осындай достарың көп болсын. Жаман нәрсеге жоламайық. Адал жолмен жүрейік. Адал жолмен нан табайық. Аман болайық. Илья Ильин сияқты Олимпиада чемпиондары көбейе берсін. Қазақтың батырлары көп болсын», – дейді Алмас Өтешев.

Осыған дейін Алмас Өтешев «Уақыт көрсетеді» подкастында жеке өміріндегі қиындықтар жайлы айтқан болатын. Кейін Илья Ильин Өтешевті клиникаға жатқызғанын айтып, досын қиын кезеңде тастамайтынын айтқан еді. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close