Мәдениет

«Жан-жақта соғыс болып жатыр. Бізге көкпар үшін қырысу ғана қалды ма?» – Айқын Төлепберген

  1. Фото:  ашық дереккөз

Белгілі әнші Айқын Төлепберген Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы қазақ пен қырғыз көкпаршылары арасындағы көкпар тартысқа қатысты пікір білдірді, деп жазды qandastar.kz turkystan.kz порталына сілтеп. 

«Көкпардың кесірінен қаншама сөздер айтылды. Қазақтар қырғыздарға, қырғыздар қазақтарға айтпағаны қалмады. Достар, біз – бауырмыз, көршіміз. Көршіңмен ұрысқаннан не пайда, бәрібір көршің. Бауырыңмен ұрысқаннан не пайда бәрібір бауырың болып қалады. Сондықтан осы жерден тоқтау керек. Айтылатын сөз айтылды. Келесі жолы қырғыздар ұтатын шығар. Біз ренжімейміз ол кезде. Не әңгіме бітпейтін? Көкпар үшін қаншама адам қырылысып жатыр. Қазақ-қырғыз бір туған. Жұмылып бірігуіміз керек. Жан-жақта соғыс болып жатқанда бір-бірімізбен қырылысу ғана қалып еді. Бір-біріміздің қуанышымызды көтеруіміз керек. Қолдауымыз керек», – деді әнші.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close