Жаңалықтар

Жаңа 2 мың теңгелік банкноталар қолданысқа енді

Фото: ашық дереккөз

Жаңа 2 мың теңгелік банкноталар 2025 жылдың екінші тоқсанында жаппай қолданысқа енеді. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады,  деп жазды qandastar.kz

«Сақ стилі» сериясының банкнотасы 25 желтоқсанда айналымға шығарылған болатын. Қорғаныш элементтері: Қазақстан елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы белгі бар. Банкнота бетінде үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп те бар. Патч. Банкнотаны аударған кезде номиналдың саны ою-өрнекке ауысқандай әсер береді. Жарық түскенде номиналдың бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді. Банкнотаның екінші бетінде ақбөкеннің бас пішіні бейнесіндегі түсі өзгермелі Спарк элементі орналасқан.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close