Әлеумет және қоғам

«Жаңа адамдар» Алматыда «Жаңа ритмге қосыл» атты фестиваль өткізді

Алматыда екі жүзден астам адам қатысқан «Жаңа ритмге қосыл» атты дабыл фестивалі өтті, деп хабарлайды Qandastar.

Тамыз айының соңғы күні Алматының Көктөбе саябағында «Жаңа адамдар» қозғалысы «Жаңа ритмге қосыл» атты дабыл фестивалін ұйымдастырды. Шараға әртүрлі соғу аспаптарымен дабылдар, дарбука, драм-падтар мен перкуссия құралдарымен келген музыканттар жиналды.

Көктөбеге келген қонақтар тек көрермен ретінде ғана емес, сонымен қатар белсенді қатысушы ретінде де іс-шараға қосылу мүмкіндігі алды. Қатысушылар белсенділермен бірге жаңа ырғақ берді және өзгерістер әрқайсысынан басталатынын көрсетті.

Фестивальдің ең жарқын сәті екі жүз белсендінің қатысуымен өткен ауқымды дабыл шоуы болды. Дабыл ырғақтары, брейк-данс орындаушыларының өнері және көрермендердің қолдауы барлығын бір ырғаққа біріктірді.

Дәл осы орындау арқылы «Жаңа ритмге қосыл» жаңа азаматтық науқаны ресми түрде басталды. Науқанның негізгі мақсаты музыка мен энергия арқылы өзгерістердің біз бен басталатынын еске салу. Дабыл дыбыстары жаңа мәдениеттің жасампаздық, жауапкершілік және алға қарай қозғалыс мәдениетінің оянуының нышаны болды.

Іс-шарада Qazaqstan жейделері де ұсынылды. Осы жейдені киген адам елде болып жатқан барлық жайттарға жауапты екенін, өз болашағы үшін өзі жауап беретінін білдіреді.

  • Үсенова Аружан науқанды іске қосу себебін түсіндіре отырып, өзгерістер дауысты сөздерден емес, шағын қадамдардан басталатынын атап өтті. Музыканың адамдарды бір ырғаққа біріктіру қуатына назар аударды.
  • Темірхан Майя әрбір адамның өз өміріне де, елге де жаңа ырғақ бере алатынына сенім білдірді. Адамдар біріккен кезде болашақты өзгертетін күшке айналатынын мәлімдеді.
  • Аманов Бауыржан өзгерістерді көру үшін олардың бастамашысы болу қажеттігін айтты. «Жаңа ритмге қосыл» науқанының жауапкershілік пен жасампаздықтың күту емес, іс-әрекеттен басталатынын көрсететін тәсіл екенін түсіндірді.
  • Әбілов Алпамыс әрбір таңдау, сөз бен іс-әрекеттің ел мәдениеті мен болашағын қалыптастыратынын баса айтты. Жаңа Qazaqstan жейделерін фестивальде алғаш рет таныстыру туралы ақпарат берді.
  • Өмірзақ Нұрай 200 адамның бір ырғаққа біріге отырып, өз бетінен бастау туралы шақыру жасағанын айтты. Дабыл орындауын қоғамның жауапкершілік, бостандық пен адалдыққа дайын екенінің дауысы деп атады.
  • Нариман Сұлтан екі жүз адамның дабыл тартқан кездегі ерекше атмосфера туралы пікір білдірді. Фестиваль толқынына бір ырғаққа қосылудың естен кетпейтін тәжірибе екенін атап өтті.
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close