Жаңалықтар

Жанармай құю бекетіндегі шабуыл бойынша іс министрлiкітің бақылауында

Фото: ашық дереккөз

Жанармай құю бекетіндегі шабуыл бойынша іс Iшкi iстер министрлiгiнің бақылауында,  деп хабарлайды  qandastar.kz

Жамбыл облысындағы Меркі ауданында жанар-жағармай құю бекетінде пышақ қолдану арқылы шабуыл жасалды. Күдіктінің ізін суытпай ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды.

Осы дерекпен Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен, яғни пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылықпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, яғни ауыр санаттағы қылмыс қатарына жатады.

Тергеуді Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізуде, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Оның жұмысын ұйымдастырып, бақылау жүргізу үшін министрліктің орталық аппарат қызметкерлері жіберілді. Қазір жан-жақты тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар адвокатының өтініші бойынша жәбірленушіге полицияның күзеті қойылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында, – деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Кожаев.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close